Қарасайда қараша үйлер сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Ғафуға)
Қарасайда қараша үйлер,
Қанаттасып тобын жазбай
Қарасайда қараша үйлер
Отыратын қоңыр қаздай.
Қоңыр қаздай болса-дағы,
Қоңыр сол шақ өмірлері.
Болса ірімшік, болса ағы,
Қараша үйлер көңілді еді.
Аласа үйге сыймайтындай,
Қараша үйлер ұл табатын
Жырлар тартып сыйға алтындай,
Ән салатын Нұрқан ақын.
Бір бозарып, бір қызарып,
Түн сәулемен жыртылғанша.
Қараша үйден жұлдыз ауып,
Қараша үйге күн туғанша.
Сіміріп сол сүңқар үнін,
Түлейтінбіз біз екеуміз.
Мәңгілікке Нұрқан жырын,
Біз екеуміз күзетерміз.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қарасайда қараша үйлер, Карасайда караша уйлер сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016