Қандай орден береміз ленинге сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Ең шешуші шабуыл шақтарында,
От ұясын жауынгер жапқанында,
Жазылғанда есімі ірі әріппен
Иңформациялық бюроның ақпарында,
Батыры деп қаһарман ұлы елімнің
Берілсді ордені Лениннің.
Қойшы қарлы боранда адасқанда,
Қойға адам мен аш бері таласқанда,
Апта бойы бір тұяқ шығын етпей,
Шыққанында шопанның бағы аспанға
Социалистік Ері деп ұлы елімнің
Беріледі ордені Лениннің.
Ескі дүние ордасын ойрандаған,
Адам үшін өз басын ойланбаған,
Орден алмай, көзінің тірісінде
Мерекелі мүшелі тойланбаған.
Октябрьді орнатқан ұлы елімде,
Қандай орден береміз Ленинге?!
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қандай орден береміз ленинге, Кандай орден беремиз ленинге сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016