Календарь парақтары сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Күн кестесі, ай жолы, ауа ақпары –
Календарьдың кішкентай парақтары.
Судырайды аударсаң секілді бір
Көгершіннің кіршіксіз қанаттары.
Туған жердің орман, тау, өзендерін
Шешендердің кестелі сөз өрнегін,
Таныстырып жаяды алдыңа әкеп
Ұлан асыр тарихтың кезеңдерін.
Аралайды асықпай парақтарды
Күн мен айдың ауысып сағаттары.
Беттерінде тұрады жылы ұшырап,
Өлмейтұғын өмірде жан.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Календарь парақтары, Календарь парактары сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016