Қайың мәйегі сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жаздың ыстық күнінде
Соғады үйтқып жалын-жел
Жатты қайың түбінде
Жаралы бір жауынгер.
Кешіп дала сағымын,
Жетті ол шөлдеп, қаталап.
Жарып қайың қабығын
Қолын тосты жата қап.
Ақ қайыңның шырыны,
Сусын болды сырадай.
Бекіп әлсіз буыны,
Жанды көзі шырадай.
Сезбеді ол жұтқанын,
Сумен қоса күн нұрын.
Аспанның ақ бұлттарын,
Таңғы шықтың мөлдірін.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қайың мәйегі, Кайын майеги сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016