Қайда жалғыз қарағай сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қайда досым, оқ тиіп,
Қара жерді қаусырған.
Қайда жалғыз қарағай
Қанжардай тіке шаншылған.
Көзімді ашсам бірі жоқ,
Өңім бе, әлде түсім бе?
Өкініш, шіркін, өрт болып,
Лапылдап жатыр ішімде.
Әкетті қайран досымды
Доп дауылы үйіріп.
Құлады жалғыз қарағай
Қыршынынан қиылып.
Не айтам елге барғанда,
Досымды алдым жоғалтып.
Жүремін енді майданда
Екі адам үшін оқ атып.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қайда жалғыз қарағай, Кайда жалгыз карагай сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016