Индиялық досқа сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қалыпты ол кез жадымда,
Еді осындай күн ашық.
Алматының бағында
Көп қыдырдық сырласып.
Көңілімнің көп сырын
Көздерімнен түсіндің.
Алатаудың шоқ гүлін
Алақанға ап ұсындым.
Орман,
таулар арада,
Алыс одан болсақ та.
Индияға қадала
Тұрдық қарап сол шақта.
Күйдіргендей күн кейде
Аңызақпен лапылдап.
Қалғандаймыз Бомбейге
Біз екеуміз жақындап...
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Индиялық досқа, Индиялык доска сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016