Хоронгон сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Боки Рахим-Задаға)
Күз салса да құрығын,
Жүдемеген жұтап тал.
Мүйізіндей бұғының,
Бунақталған бұтақтар.
Қарауытқан іңірдей,
Хоронгонның биігі.
Төбесінде тілімдей,
Қалыпты айдың қиығы.
Үндемейді сыр ашып,
Тұйық жеті қат көгі.
Шалқасынан тұр ашық,
Көгілдір көк дәптері.
Жазып жұлдыз өлеңін,
Сол дәптерді тауыспақ.
Бітірген бір бөлегін
Оқиды өзен дауыстап.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Хоронгон, Хоронгон сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016