Гүл сатушы бала сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Шетелге барған бір жолдастың
аузынан)
Нью-Йоркті болар емес түсініп,
Темекінің түтінінен іші бұлт.
Бір бала жүр кешке жақын жаутаңдап,
Алыңыз деп әркімге гүл ұсынып.
— Бұл гүлімде әшекейлі өрнек көп,
Жатыр мұнда құстар сайрап, жер көктеп
Алыңызшы, арзан беріп кетемін,—
Дейді бала ұшып-қонып елбектеп.
Алданышпен өтіп жатқан күні құр,
Осындағы көп баланың бірі бұл.
Қолындагы жасанды гүл болмаса,
Өмірінде көрмепті ол тірі гүл.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Гүл сатушы бала, Гул сатушы бала сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016