Грузин қарттары сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Білгің келсе грузиннің қарттарын,
Жүзге келіп желдей жүйрік атқа мін.
Кавказ таудың шығып қия-шыңына,
Дариялдың аралап көр шатқалын.
Қыс қарындай жатса-дағы баста бұлт,
Қазыбектей тұрады олар қасқарып.
Қыздарменен дөңгелейді құйындай
Той-думанда мәжілісті басқарып.
Жас кездегі жалынындай арманның,
Көздерінде сөнбей оты жанған күн.
Әрқайсысы Амиранның өзіндей;
Әр қайсысы құдайындай жалғанның.
Олармен сен тәуекелге түсіп көр,
Мықты болсаң күсті қолын қысып көр.
Қос литрлік мүйізімен қодастың
Кахетиннің от шарабын ішіп көр.
Сен оларға тұра алмайсын таңданбай,
Тариэлдің күші оларда қалғандай.
Сен олардан қызғанасың қарттықты,
Жігіттігің жарты жолда қалғандай.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Грузин қарттары, Грузин карттары сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016