Греция сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Сенің ұшқан аймағыңда
Талай қиын жай болды.
Алып бардың майданыңа
Албырт ақын Байронды.
Бостандық пен еркін өмір
Болды сенің арманың —
Оған куә Эгей теңіз,
Оған куә тауларың...
Тауларыңа тұман қонды,
Көре алмадың жарық күн.
Белояннис құрбан болды,
Бақыты үшін халықтың.
Греция, арманыңа —
Жетемін деп тұр елің.
Ту ғып көтер, ал қолыңа
Белояннис жүрегін.
1953
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Греция, Греция сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016