Гитарыңды ойнашы сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Гитарыңның шектерінен
Ғажайыпты үн келер.
Жастық шақтың көктемінен
Жазғы тасқын жыр келер.
Гитарыңның шектерінен
Сиқырлы үндер сыңғырлар.
Көзін қадап, өткен күннен,
Күлімдер бір сүйген жар.
Гитарыңның шектерінде,
Жатыр алыс өткен күн.
Көңіліме ұялаған
Көлеңкесі кептердің.
Туған елге келдік міне,
Бізбен бірге тойлашы.
Қонды әнің көкірегіме,
Гитарыңды ойнашы!
1945
* * *
Жорықтан қайтқан жас жігіт
Қақты ақырын қақпаны.
Сұрап еді келіншек,
Кім екенін айтпады.
Жиі соқты жүрегі,
Әлденеге лүпілдеп.
Әлі сырттан жауап жоқ,
Сұрап еді бұл кім деп.
Жалындады махаббат,
Жаршы болды жас жүрек.
Қақпа ашылып, айқасты
Ай астында қос білек.
1945
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Гитарыңды ойнашы, Гитарынды ойнашы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016