Финляндия вокзалы сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Мраморлы ақ жары —
Қорған алып
Қыста қарды жамылған жер жүзіндей.
Финляндия вокзалы —
Толған халық
Сапырылған Балтықтың теңізіндей,
Қызыл күн — қызыл гүлдер аралында
Финляндия вокзалы алаңында
Броневикте —
Тұр ең биікте
Ленин жоғарыда.
Жеткенде жаңа дәуір белеңіне,
Ленинді басшы еткен
Тарих қалап өзі.
Тұр Финляндия вокзалы кемерінде
Лениннің аты шулы паровозы.
Баяғы көнетоз сол сақтап түсін,
Табысқан ол тарихи мекенімен.
Ленин паровоздан аттап түсіп,
Броневиктің үстіне көтерілген.
Ленинді көріп мұнда
Көтерілген ел еңсесі.
Ленин тұр зор тұғырда
Гүлдерді сипап нұрлы көлеңкесі.
Тұр биік люстралар
Шашып жұлдыз
Станция ақ залына,
Ленин келе жатқандай басып нығыз
Финляндия вокзалында.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Финляндия вокзалы, Финляндия вокзалы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016