Емен сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Белорустың жерінде,
Басын иіп сәл төмен.
Бір ой салып көңілге,
Тұр сыбырлап қарт емен.
Соғыс жылы денесін
Өтіпті оқтар жаралап.
Қабығынан көресің
Бұжыр-бұжыр қара дақ.
Ол да үлесін қосыпты,
Туған кезде елге сын.
Жауған оққа тосыпты,
Қалқан етіп кеудесін.
Бұтағына асылып,
Қарапты ерлер қарауыл.
Жапырақпен жасырып,
Болыпты әр кез пана бұл.
Айырыпты меже боп
Өмір, өлім арасын.
Партизандай өр өжет,
Тұр ол сипап жарасын.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Емен, Емен сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016