Еділден өткенде сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Рауандап таң да атты,
Мен Еділден өткенімде.
Тұрды алдымда бір салт атты,
Қолын созып көкте күнге.
Қиялымен көкті кезген
Кең дүниені орағандай.
Оның өткір көздерінен,
Шашырап от тарағандай.
Ширатылған қара мұрты,
Қанатындай қыран құстың.
Қан майданғы жүзі айбарлы,
Жалтылдаған ақ қылыштың.
Күлімсіреп күншығыс жақ,
Келеді атып таңғажайып.
Таңды қарсыап бізбен бірге,
Ат үстінде тұр Чапаев.
1949
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Еділден өткенде, Едилден откенде сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016