Еді онда күн боран... сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Еді онда күн боран,
Вокзал басы бір дүлей.
Ажал жақын тұр ма оған...
Қалды әкем үндемей.
Ауру жүрек ұрады
Көкірегінде дүрсілдеп.
«Жалғызым!» деп жылады,
Айтады енді кім «сүй» деп!
«Көремін бе сені енді!»
Көзінен жас тұр ыршып.
Поезд жүйтки жөнелді,
Алып ұшып тыпыршып.
Әкем әбден жүдеген,
Кетіп қалған кескіні.
Сәтті сапар тілеген
Соңғы үні естілді.
Қарап едім мен оған,
Терезеге асылып.
Көрсетпейді күн боран,
Қарлы құйын жасырып...
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Еді онда күн боран..., Еди онда кун боран... сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016