Домнашы сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жырлапты ақын ер ісін,
Жортып жалғыз сабылған.
Жолақ-жолақ терісін,
Жолбарыстың жамылған.
Жолбарысты мен бүгін,
Жыр етейін несіне.
Шын батырды көр бүгін,
Бар да магнит пешіне.
Алай-дүлей айнала,
Лапылдаған от-жалын,
Домнаның пеші долдана
Шашады қызыл шоқтарын.
Омырауы толы орденге,
Магнитпен бірге өскен.
Көрдім батыр сол жерде
Темірменен тілдескен.
1950
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Домнашы, Домнашы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016