Діріл сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Дірілдейді таулардан
Атылып тас бұлақтар.
Дірілдейді жағада
Жайқалып жас құрақтар.
Дірілдейді шырақтай
Алыста аспан жұлдызы.
Дірілдейді сынаптай
Таң алдында су жүзі.
Тұрамын мен дірілін
Дүниенің бақылап.
Алмайды көз шырымын
Құс ұйқылы жапырақ.
Сол дірілден жыр туып,
Сол дірілден гүл шығып
Дүниеге бұлқынып
Тарағандай тіршілік.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Діріл, Дирил сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016