Дәптер сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Ортасынан оқ тескен,
Қанды дәптер көргенмін.
Жолдасымдай от кешкен,
Соған қарай бергенмін.
Ажал уын жайғанда,
Көкірегін қан жапқан.
Қаза тапқан майданда,
Қалыпты ер солдаттан.
Әрбір бетін қаңдапты,
Кеудеден қан төгіліп.
Әр жолынан солдаттың,
Жүрегі тұр көрініп.
1948
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Дәптер, Даптер сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016