Бүркітті сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Көкшетаудың қасында
Биік емес бұл тіпті,
Бұлты да жоқ басында,
Бірақ аты Бүркітті.
Одан сонша кім күткен
Сыр бар деп бір ғаламат,
Ұя салған бүркіттер
Бүркіттіні қалап ап.
Боранды да қарсы алып.
Желде бойы жеңілдеп,
Балапандар ән салып,
Су ішеді, жемін жеп.
Көрші таудан бұлт ауып,
Кетсе кенет күн жауып,
Сілкінеді бұрқанып
Қапаттарын бір қағып.
Жаңғырығын кетеді
Сол мезетте Бүркітті.
Бүркіттердің мекені
Қасиетті бұл құтты.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Бүркітті, Буркитти сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016