Бүркіт сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


I
Мұзды балақ қыран бүркіт
Жайлаған тау қиясын.
Бұзса дұшпан долданатын,
Бауыр басқан ұясын.
Қос қанаты қара дауыл,
Соқтыратын ашулы.
Қаныпезер қастарына,
Түсіретін жасынды.
II
Ұмтылды жау ұямызды
Бұзамын деп ойланып.
Шықтық жауға, қыран бүркіт
Тәрізденіп, долданып.
Күнге ұласқан қиямызға
Жаулар жетіп бара алмас.
Бауыр басқан ұямызға
Қанды шеңгел сала алмас.
1941
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Бүркіт, Буркит сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016