Бұлақ сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Сарша тамыз ішінде,
Ыстық еді күн неткен.
Жасыл барқыт пішінде,
Жайқалып тұр ну біткен.
Тосын үстін түр жауып,
Құба талды құлақұм.
Көрдім сонда, көз тауып
Құлай аққан бұлағын.
Құмға төсеп кеудемді,
Еңкейе қап, су іштім.
Көкірегіме дем берді,
Ойнап көзде бір ұшқын.
Тамырыма таралды,
Сол бұлақтан нәр алдым.
Суы шөлді қандырды,
Ақ сүтіндей анамның.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Бұлақ, Булак сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016