Бірақ сонда махаббатым сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Кім сүртіп ед тамшы қанды,
Жаны ауырып өзіммен.
Елжіреп кім жасы тамды,
Қарақаттай көзінен.
Кім арқалап алып шыққан,
Қалың өлік ішінен.
Білмеймін мен әлдекімді,
Есіме тек түсірем.
Білмеймін мен оның атын,
Таныс емес жүзі де.
Бірақ сонда махаббатым,
Өмірімнің өзі де.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Бірақ сонда махаббатым, Бирак сонда махаббатым сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016