Бір ағайға сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Оңай ма екен сүйген жардан айрылу,
Көкіректі қарыс айырар қайғы у.
Алпыс асып, таянғанда жетпіске
Мұз жүректі жібіте алар қай жылу.
Алдыңғының сырын шерткен соңғыға,
Ол барында шешен еді домбыра.
Ол барында жарық еді қара түн,
Ол барында тегіс еді жол мына.
Секілді бір кітапхана мүйісі,
Ол барында базар еді үй іші.
Ол барында бөлмелерден келетін
Гүлдер менен жастық шақтың иісі.
Жаз — өмірдің қандай қорлық қысқасы,
Қылқияды борандатқан қыс басы.
Жазың өтіп, күзің кетіп қалғанда
Өзіңді-өзің енді берік ұсташы!
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Бір ағайға, Бир агайга сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016