Билеп, ойнап, күледі сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Алыс жолдан асығып,
Жетті көктем — келіншек.
Бұтақтарға асылып,
Жылайды қар көңілшек.
Келді көктем — келіншек,
Көк көйлегі көлеңдеп.
Салып жатыр көп өрнек,
Жайып жатыр көп өрмек.
Жұрттың бәрін сүйеді,
Қалса керек сағынып.
Билеп, ойнап, күледі,
Жапырақты жамылып.
1956
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Билеп, ойнап, күледі, Билеп, ойнап, куледи сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016