Биік таулар сөзі

Сырбай Мәуленов

1
0

Бөлісу:


Биік таулар, шық алға,
Биік таулар шығанда.
Биіктесең есіңнен
Бірақ мені шығарма.
Тілемеген шығармын
Тілеуіңді бекер мен.
Тұғырың боп тұрармын
Сені биік көтерген.
* * *
Күндері үшін керемет келешектің,
Талай күннің азабын көрешекпін.
Сезімімді, жанымды жырға құйып,
Мен еліме көп нәрсе берешекпін.
Жыртам жырдың әлі тың аңыздарын,
Күйем ыстық отына тамыздардың.
Ауасы үшін, жері үшін, сулары үшін
Мен еліме мәңгілік қарыздармын.
Жүрек соғып кеудеде тұрғанында,
Елім үшін түсемін мың жалынға.
Жүйрік жырдың бір самғап қанатымен,
Жетемін мен болашақ жылдарына.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Биік таулар, Биик таулар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016