Биік сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Желпіп жаздың гүлдері,
Күн күледі нұр құйып.
Жетелейді ілгері
Бір биіктен бір биік.
Тұнған сыры тұңғиық
Шықсам шыңға асыға,
Тағы да алдан бір биік
Шақырады басына.
Талай қиын жолды аса,
Ұмтыламын мен өрге.
Сол биіктер болмаса,
Қалғандаймын төменде.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Биік, Биик сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016