Белоруссия сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қойныңа ендім құмартып,
Орманға толы өлкеңнің.
Түтіннен түсің мұнартып,
Сен кеше жанып өртендің.
Әкелді соғыс жұт-індет,
Шайқалды қоныс-жұрттарың.
Жер тұрсын көгің түтіндеп,
Өртеніп жатты бұлттарың.
Аспаннан басып еңсеңді
Айналды құзғын от бүркіп.
Ақ қайыңдар теңселді,
Ақ көйлегін оқ жыртып.
Жеріңде қаннан көл тұнып,
Көгінде тұрды ай қызыл.
Қөзіңді жасқа толтырып
Кеудеңді басты қайғы зіл.
Партизан болып түндерде
Атылдың оқпен аралас.
Жайқалған қазір бұл жерде
Тарихың сенің әр ағаш.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Белоруссия, Белоруссия сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

03.09.2016