Баяғы сөзің әлі есте сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Сейтжан Омаровқа)
Сұр шинельді киінген,
Соғыстың сонау жылдары.
Аспан мен жерді үйірген,
Ауыр күн есте тұр әлі.
Көңілім толқын бір түрлі,
Кеудеден жұмбақ өлең кеп.
Жібердім саған бір жырды,
Қолының ұшын берер деп.
Жазып ең жауап сол хатқа,
«Жігітім, талмай серме»,— деп.
Дем беріп сол сөз солдатқа,
Өлеңге шықтым өрмелеп.
Сілтедім қанша білмеймін,
Келемін көлкіп өлеңмен.
Ойымның отын үрлеймін,
Айналып қиял төбемнен.
Қалғандай қазір қаз тұрып,
Баяғы жырым нәресте.
Қуантқан мені мәз қылып,
Баяғы сөзің әлі есте.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Баяғы сөзің әлі есте, Баягы созин али есте сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016