Батыр мен аты туралы баллада сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қас батырға оқ қадалды үш рет:
— Ал, тұлпарым, туған жерге ұшып жет!—
Иесінің үнсіз сөзін ұққандай
Жануары тартты желге кісінеп.
Көздерінде дөңгеленіп от ыршып,
Келе жатыр, келе жатыр ат ұшып.
Зырлайды ол, көз жасы ма батырдың
Жібек жалда жылтылдаған жатыр шық.
Соңғы шабыс... соңғы тыныс сыйындай.
Келеді ағып, келеді ағып құйындай.
Аспан-жердің арасында ағады,
Қарасына көз ілеспес тиындай.
Келеді ол жау оғына ілінбей,
Келеді ол ой-шұқырдан сүрінбей.
Келеді ол аласа боп шөптерден,
Шапқаны да, ұшқаны да білінбей.
Тұяғынан түтін болып шаң ұшып,
Келеді ол қара желмен жарысып.
Батыр қолы қалыпты оның жалына
Мәңгі-бақи айрылмастай жабысып.
Елді айналып жүріп апты екеуі,
Елді айналып тұрып апты екеуі.
Ажыратар қол табылмай екеуін,
Ескерткіш боп тұрып қапты екеуі.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Батыр мен аты туралы баллада, Батыр мен аты туралы баллада сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016