Балладалар сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


ТЕҢІЗШІ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА
Жалғыз қалды ол көкала теңіз бетінде,
Жарылды толқын жай ұрған бұлттай екіге.
Аспан алыс атылып ұшып кетуге,
Жаға да алыс жанұшырып жетуге,
Жалғыз қалды ол көкала теңіз бетінде.
Крейсерлерін қолтығынан демеген,
Жау самолеттері келеді қаптап төбеден.
Аспанда жау, жағада жау аңдыған
Аспан алыс,жығылар жетіп жер алыс,
Теңізге сеніп лақтырды өзін кемеден.
Теңізді тінтіп, түтеді борап сол күн оқ,
Жағаға жаны жармасты оның толқын боп.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Балладалар, Балладалар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016