Балапандай бала көңіл сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Үйдің іші ала қоңыр,
Ала қоңыр ағады өмір.
Ай туғанша асығады
Балапандай бала көңіл.
Бұл дүниенің бәрі достай,
Жоқ секілді менің жауым.
Өтсе біреу амандаспай,
Бүтін емес,көңіл жарым.
* * *
Аз ғана күн тойдым деп,
Асқақ сөйлеп лепірме.
Мен тындырып қойдым деп,
Жұрт үстіне секірме.
Тез толыссаң күн қақтап,
Тез қаларсың ортайып.
Жұртқа ере алмай бұлғақтап,
Отырарсың шоңқайып.
* * *
Оятамын бұлбұлдарды
Оятамын ұйықтап қалмасын деп.
Оятамын армандарды
Әлемді шарласын деп.
* * *
Кеудемде тау оты бар атылмаған,
Кеудемде бұлт оты бар шатырлаған.
Кей кезде кейбіреуден қатар жүрген
Сәулелі ашық аспан жақын маған.
* * *
Жел деген бір ойнаған
Табиғаттың шаттығы.
Тау деген ой ойлаған
Табиғаттың қарттығы.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Балапандай бала көңіл, Балапандай бала конил сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016