Балалық туралы баллада сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Оның әкесі соғыста өлді,
Қайыспас қара болаттай төзімді еді.
Ал шешесі жалғыз ұлын арқалап,
Жаудан қашып келе жатқан кезінде өлді.
Өлімнен жас сәбиді арашалау,
Жарық күндей өмір борышы,
Жас сәбиді тауып алып,
Асырады теміржолшы.
Бір кездегі жетім ұл қазір әке,
Бір үйлі жанның басы.
Бір үйлі жанның
Жем таситын қанатты қарлығашы.
Бірақ кейде құмартады
Көрмеген бала кезіне.
Қарап қояды әкесінің сұлу мұртына,
Шешесінің қара көзіне.
* * *
Сен жыладың
Қыс қойнында қалтырап,
Мен жыладым,
Көктем едің
Әкетті қыс тартып ап.
Жаңбыр,жаңбыр
Түсіп жатты
Жүрегіме тырсылдап,
Тағдыр,тағдыр
Тастады ол
Тастай етіп тылсымдап.
Екеуімізге
Екі бөлек-
Екі айрық түсті жол.
Енді арманға
Жетерміз бе
Жылама сен,
Күшті бол!
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Балалық туралы баллада, Балалык туралы баллада сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016