Балалық досы сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Достары қандай ыстық балалықтың,
Мен оны көп жылдан соң жаңада ұқтым.
Жарысу жалаң аяқ қызық еді,
Астында сіркіреген қара бұлттың.
Сылдыр — су, бұлыңғыр — бу таң алдында
Іздедім балалығым таба алдым ба?
Дауылдай албырт күнім, аңғырт күнім,
Қалыпсың достарымның хабарында.
Күндіз-түн ән салған кез дүрілдетіп,
Басымнан кетіпті ғой бір күнде өтіп.
Барамыз дос үйіне, келіншегі
Қарар ма келесін деп кімді ертіп.
Шытпай-ақ келіншекке қабағымды,
Берермін кідірместен жауабымды:
— Келемін досымменен көрейін,— деп
Кішкентай суретімді бала күнгі.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Балалық досы, Балалык досы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016