Бақыты үшін баланың сөзі

Сырбай Мәуленов

1
0

Бөлісу:


(Дүйсенге)
Майданнан алғаш келдім де,
Көйлекті тастап, жуындым.
Жаралы қолды көрді де,
Сұрауы болды ұлымның:
— Папа, сенің сол қолың
Неге тыртық соншама?
Састырды мені бұл жолы,
Тым кіштентай болса да.
Үндемей қалдым түйіліп,
Алдымнан өтті ауыр күн;
Далақтап дауыл жүгіріп,
Жалақтап тілі жалынның.
— Тұрып еді бір зілді
Соғыс бұлты сұрлана.
Қорғағанда өзіңді,
Түскен еді бұл жара.
Әбден ұғып жас жаны,
Тұрғандай:— жоқ дауым,— деп,
Өзі байлай бастады,
Ботинкамның бауын кеп.
Өзі қолдан кигізіп,
Папасының жейдесін.
Бетінен бір сүйгізіп,
Өзі салды түймесін.
Кезек сүйіп көзінен
Қуана қарап мен тұрдым.
Дедім отты сезіммен:
— Бақытыңа кепілмін!
1952
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Бақыты үшін баланың, Бакыты ушин баланын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016