Аттары мәлімсіз достар сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Самолеттермен гурілдеп,
Алдымнан тағы шықты ұрыс.
Жөнелді жанып дүрілдеп,
Жататын орман тып-тыныш.
Дұшпан тұр өлім себелеп,
Жаралы жанмын қарусыз,
Өзімдей жатыр мүгедек,
Арыс жігіт, ару қыз.
Кереге көзді ақ оттар,
Аспанға жатыр ау құрып,
Қорғайды бізді солдаттар,
Зениткамен жауды ұрып,
Аяқ-қолым таңулы,
Жатырмын жерде қарусыз.
Қорғайды достар жанымды,
Аттары маған мәлімсіз.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Аттары мәлімсіз достар, Аттары малимсиз достар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016