Ашхабадтағы ленин ескерткіші сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жел күрсініп,
Жер сілкініп,
Тау жалынын шашқанда.
Ашхабадты
Тастан қатты
Зіл топырақ басқанда.
Жер шатынап,
Шөлді атырап,
Түскенінде аунақшып.
Талайларды,
Сарайларды
Жатқанында тау қақшып
Тұрды Ленин
Дүниенің
Діңгегіндей бір өзі.
Тау жарылса,
Аударылса
Саспайтын сол мінезі.
Өрт жалақтап,
Жұрт алақтап,
Түн ішінде қашса құт.
Тұғырында,
Бір орында
Тұрды ол бәрін басқарып
Әмірінде,
Ауыр күнде
Болды оның бар алап.
Жас, қария
Сасқанында,
Қалды оны паналап.
Алаңдағы,
Ала алмады
Ескерткішті жел долы.
Мәңгілікке,
Ар-үмітке
Соққан еді ел оны.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ашхабадтағы ленин ескерткіші, Ашхабадтагы ленин ескерткиши сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016