Арыстанбай асуы сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Әлдекімге төнгендей,
Бетіне шығып ашуы.
Жататұғын жол бермей
Арыстанбай асуы.
Тұйықталып бір жола
Адырын жан баспаған.
Сусыз, нусыз, қу дала
Ұйқыдан көз ашпаған.
Асуы алпыс шақырым
Жоталы адыр, жолы ұзақ.
Жалап жалаң тақырын
Соғатұғын аңызақ.
Жаңа өмір — жаңа адам,
Қолқасына қол салды,
Қан тамырдай тараған,
Тұс-тұсынан жол салды.
Бұлтқа ұласып адырда,
Будақтаған шаң қалды.
Арыстандай арынға —
Арыстанбай таң қалды.
1949
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Арыстанбай асуы, Арыстанбай асуы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016