Арқарлы асуында сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Асуы биік Арқарлы
Арқасын сипай жел сүйіп.
Тастардан соғып қалқанды
Жатқандай жалғыз мелшиіп.
Жақпарлы құздар жаңғырып,
Дауылмен бірге дауыстап.
Көзіңнің жауын алдырып,
Әдейі қашып алыстап.
Басқадан бұрын әуелі
Көк ала басын күн шалып.
Ашылар гүлі әдемі,
Ашуы тарқап жұмсарып.
Бара да қалсаң ол егер,
Жатырқай қоймас асылы.
Жарылып жоны жол берер
Арқарлының асуы.
Тастар ма десек төгілген,
Жайылып жатқан қозы екен.
Асқар ма десек көрінген,
Ақсақалдың өзі екен.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Арқарлы асуында, Аркарлы асуында сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016