Арқалық сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Арқалық деген адыр бар,
Арқаның сонау белінде.
Жарыса ұшқан жалындар
Жалаудай жүзген көгінде.
Жатыпты басып байлығын,
Бермеймін бірін дегендей.
Аяғың тисе, ал бүгін
Жер асты дүбірлегендей.
Тіршілік қаулап түнімен,
Ұясын содан тапқандай.
Темірдің енді тілімен
Жер асты сөйлеп жатқандай.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Арқалық, Аркалык сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016