Аралайық сыр бойын сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Саяхаттап қайтайын,
Жүр менімен, сүйгенім.
Сыйлық етіп тартайын,
Сырдың қызыл гүлдерін.
Ұққан алғаш жан сырын
Бар еді бір жасыл тал.
Жасыл талда жасырын
Кездесіп ең ғашық жар.
Сылдыр-сылдыр күлкіңмен,
Құйып едің жыр маған.
Сонау өткен сол күннен
Сырыңды Сыр тыңдаған.
Саяхаттап қайтайын,
Жүр менімен, сүйгенім,
Сыйлық етіп тартайын,
Сырдың қызыл гүлдерін!
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Аралайық сыр бойын, Аралайык сыр бойын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016