Аңыздар сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Балаларға айтатын
Аңыздар көп.
Соны айтпай келеміз
Қарыздар боп.
Аңыздар көп:
Аспан жайлы
Тастар жайлы,
Жазықсыз аққан жастар жайлы.
Аңыздар көп:
Аспанның қызы жайлы,
Аңыздар көп
Асқардың күзі жайлы.
Жер үсті,
Жер асты –
Толған аңыз,
Сол аңыздың айтылар шақтары бар.
Сол аңыздарда
Ата сақалының ақтары бар.
Мерт болған даланың аттары бар,
Жер ананың әжім-әжім қатпары бар.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Аңыздар, Аныздар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016