Анька-партизанка сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жаудың күшті тұрағы,
Аларда бір көпірді.
Партизан қыз құлады
Оқ тиген құс секілді.
Анька-партизанка.
Жаңа ғана жүгіріп,
Жүр еді ол оқ тасып.
Көкірегі суынып,
Жатыр енді қоштасып,
Анька-партизанка.
Көріп талай өлімді,
Кетсе-дағы еті өліп.
Командирі егілді
Алды жерден көтеріп,
Анька-партизанка.
Қозғап жүрттың сезімін,
Қалжыратты бұл өлім.
Айтуынша өзінің
Қойды орманға жүрегін,
Анька-партизанка.
Көк орманда сол жүрек
Гүл боп, шықты желбіреп.
Атайды оны Анька деп
Жұрт ішінен елжіреп,
Анька-партизанка.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Анька-партизанка, Анька-партизанка сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016