Ана махаббаты сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Реңі кіріп даланың
Біткелі соғыс неше жыл.
Жас селі шайып жанарын
Жалғызын күтіп шеше жүр.
Сенбейді өлді дегенге,
Ойлайды ұлын тірі деп.
Қосады атын өлеңге,
Боранды желдей уілдеп.
Қарайды жолға күн ұзақ,
Қарайды жолға түн ұзақ.
Ойда жоқ соғыс біткелі,
Кеткені талай жыл ұзап.
Хабары қолда тұрса да,
Дейді бұл жай бір лақап хат
Болар ма күшті мұншама
Аналық алып махаббат.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ана махаббаты, Ана махаббаты сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016