Алтын табақ жер беті сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Торғын болып төгілген,
Көкжиекке ең шеті.
Толықсиды егінмен,
Алтын табақ жер беті.
Жас балапан балғындай,
Ашып күнге ауызын.
Бадана бас бал бидай,
Жатыр жарып қауызын.
Байқап көрдік бір талын,
Алақанға үгітіп.
Бойында екен күн табы,
Жүре берді жылытып.
Тұрды менің жанымда,
Украина сұлуы.
Бар ма дедім оның да,
Саусағының жылуы.
1957
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Алтын табақ жер беті, Алтын табак жер бети сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016