Алтай қартының сөзі сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Арамдықтың көзі көр
Қап-қараңғы тұмандай.
Қара жолда кезігер
Қара шұбар жыландай.
Арамның қан қолы бар
Қып-қызыл өрт өңіндей.
Қызыл жолда жолығар
Қып-қызыл құрт жегідей.
Арам ойы — кіл сұмдық;
Арам ойы — күншілдік,
Арамдықтың алысар
Қас дұшпаны бір шындық.
Арамдықтан бас сақтап,
Алдында оның табынбай,
Адалдық тұр асқақтап,
Алтайдың биік тауындай.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Алтай қартының сөзі, Алтай картынын сози сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016