Алшыңнан тұр да жүзге жет сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қолды-аяқты баладай,
Қарасаң шағын тұлғасын,
Жастарға туған ағадай,
Елуге кепті бұл Қасым.
Аязды жылдар қарыған,
Маңдайда әжім қыртысы.
Бір өзіне дарыған,
Жүз адамның күлкісі.
Жайнап бір тұрған гүлдейсің,
Мәжіліс-мейрам дегенде.
Отыратынын білмейсің
Орнығып қай кез өлеңге?
Серпіле қалса бірақ та,
Серігі болып түнгі аспан.
Айналасы бір апта —
Алдында жатар бір дастан.
Ақсақал берер батадай
Айтатын сөздер сізге көп.
Қорғасын құйған сақадай,
Алшыңнан тұр да жүзге жет!
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Алшыңнан тұр да жүзге жет, Алшыннан тур да жузге жет сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016