Алматының алтын отты түндері сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Кім жастықта қадіріңді білмеді,
Кім қойныңда алшаң басып жүрмеді.
Жасыл баққа, жас құшаққа шақырған,
Алматының алтын отты түндері.
Көк жұлдызы көзін қашан ілгелі,
Көк пердені келеді таң түргелі.
Жер үстінде жүгіреді, жұлдыздар,
Алматының алтын отты түндері.
Таудың желі, таңның желі үрледі,
Желбірейді қырдың қызыл гүлдері.
Сол гүлдердей жанды қызыл жұлдыз боп
Алматының алтын отты түндері.
Кештен бері қоршап жатқан тау үстін,
Барады ауып, домаланып алыс түн.
Бөлмесінде қазір қазақ даласы
Академия президенті Қаныштың.
Цейлон жақтан бүгін Сәбең оралған,
Қасымша айтсақ өкпелейді кім оған.
Алматының алтын түнін құшақтап,
Отыр өзі, өмірі — бір роман.
Кім жастықта қадіріңді білмеді,
Кім қойныңда алшаң басып жүрмеді.
Бас менімен бірге алып аяқты,
Алматының алтын отты түндері.
1957
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Алматының алтын отты түндері, Алматынын алтын отты тундери сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016