Алматыға қайтарда сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Уфадан қош айтысып кетерімде
Жол болсын,- дейді шулап жасыл нулар.
Қайтадан шақырады етегіне
Алатау бауыры –гүл, басы – мұнар.
Тұрады көз алдымда ақ әйнектер
Жап-жарық жаңбыр шайған аспандай боп
Тұрады көз алдымда тоғайлы өткел
Жанарда мөлдіреген жастардай боп.
Аңсаймын Алматының шулы кешін
Қиялды бұлақтары ала қашқан.
Аңсаймын Алатаудың шыңды өркешін,
Ақ бұлтпен ауыл үйдей араласқан.
Бұл жерге қонды келіп жаңа көктем,
Ол жерде жаз шырқайды жасыл әнін.
Поезға мінбей ұшқыр самолетпен
Жеткенше Алматыға асығамын.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Алматыға қайтарда, Алматыга кайтарда сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016