Алма-арасан сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Алатау бұлттан басына
Көтергендей қол шатыр.
Етегінде шашыла,
Жалғыз да жалғыз жол жатыр.
Тұрғандай шыңда ұялап,
Барқыт түн, дала таңы да.
Басына шықсаң қиялап,
Алматы алақаныңда.
Сергіп бір бойың қаласың,
Жаз мейлі, күзде тынықсаң.
Алма-Арасан ауасын
Алдында таңның бір жұтсаң.
Бәрі де сенен аласа,
Үңіліп төмен қарасаң,
Күндесіп бұлтпен таласа,
Жатады Алма-Арасан.
1957
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Алма-арасан, Алма-арасан сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016