Алғашқы адым сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қалды өзенде — жар астында,
Найзағай қанат алабұға.
Отырды ол мектеп партасында,
Өмірдің тұңғыш сабағында.
Бұл үшін жұмбақ — бәрі жаңа,
Көргені осы үйінен шығып.
Білмейді мына қабырғаға
Тұрғанын бүкіл дүние сыйып.
Сезбейді ол карта белгілерін,
Өзен, тау, тайга ағашын да.
Білмейді барын арасында,
Өзінің туған қаласы да.
Білмейді ол сонау жолақтарда
Жолбарыс жортқан көп іздер барын.
Көз жасы бу боп қонақтап тауға
Көбігін атқан теңіздер барын.
Бермейтін тегін қолыңа кілтін,
Әлемнің талай заты бар жұмбақ.
Оқасы қанша, мұны да бір күн,
Өзіңдей бала отырар тыңдап.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Алғашқы адым, Алгашкы адым сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016